Инсульт емдеу жолдары

Қан құйылу тəрізді белгісіз инсульт немесе инфаркт

Инсульт емдеу жолдары

Медициналық көмек көрсету тактикасы
 

Жедел көмектің мақсаты:

1. Инсульт жəне ми бұзылыстарындағы рефлекторлы реакцияларды тудырған патологиялық үрдістерді басу.

2. Ми құрылымының тікелей бұзылуына байланысты, морфофункцияналды өзгерістерді шектеу.

Базисті жəне дифференциалды терапияны қатар жүргізу арқылы дұрыс еммен қамтамасыз етуге болады.
 

Базисті терапияны эпилептикалық статус жəне өмірге қажетті қызметтердің бұзылысын басу үшін қолданады. Бұл ем тек инсульттің түрін жəне оның бар-жоғын анықтағанға дейін жүргізіледі.

Дифференциалды терапия – инсульттің ишемиялық жəне геморрагиялық түрлері анықталғанда қолданылады. Ол тек ауруханада ғана жүргізіледі.

Базисті терапия бір-бірімен байланысқан үш компоненттен тұрады:

1. Өмірге қажетті қызметтерді коррекциялау- тыныс алуды, гемодинамиканы, жұтынуды қалыптастыру, эпилептикалық статусты басу.

2. Инсульт əсерінен болған гомеостаздық бұзылыстарды түзеу – бассүйек ішілік қысымды төмендету, су электр тепе-теңдігін түзеу, қышқыл – негіздік жағдайды жəне инфекцияның алдын алу.

3. Метаболикалық қорғаныс, мидың дисфункциясын басуға, церебральді қан айналымының жедел бұзылысын жоюға: антигипоксанттарды, нейротрофикалық жəне мембрана стабилизаторларды, антогонист  глутаматтарды қолдануға болады.
 

Дифференциалды емес терапия
 

1. Тынысты қалыптандыру- жоғарғы тыныс жолы мен ауыз қуысын тазалау.
 

2. Естен тану кезінде-оксигенотерапия. Брадипноэ (ТАЖ-12 мин. ішінде), тахипноэ (ТАЖ-35-40 мин. ішінде), цианоздың өршуінде – өкпені жасанды желдендіру.
 

3.Артериалды гипертензиясы болса (сист. арт. қысым-200 мм с.б.б, диаст.арт. қысым-110 мм с.б.б) қысымды баяу түсіру керек, өйткені ми ишемиясы тууы мүмкін.

– эналаприлат 0,625-1,25 мг тамыр ішіне тамшылатып 5 мин.

– магний сульфатын тамыр ішіне баяу 1000-2000 мг (бірінші 3мл 3мин ішінде) 10-15 мин ішінде, тырысу синдромы болған жағдайда тағайындалады
 

4. Артеиалды гипотензияда (сист.арт. қысым- 100 мм .с.б.б.) тамырға тамшылатып полиглюкин 400,0 мл немесе пентокрахмал 500 мл.

Артериалды гипотонияның айқын түрінде – тамырға 200мг допаминді 250мл 5% декстроза ерітіндісіне араластырып 1 мин. ішінде 10-12 тамшыға дейінгі жылдамдықта құю керек.
 

5. Тырысу синдромы дамыса диазепам бастапқы мөлшері 10-20 мг, керегінше 20мг тамырға,бұлшық етке енгізеді.

Жалғасатын тырысу құламасында 20% оксибат натрий ерітіндісі изотониялық ерітіндісімен немесе 5% декстроз дене салмағынан 70 мг /кг .
 

6. Қайталамалы құсықта, қатты ықылық тигенде:

– метоклопромид 2 мл ,10мл-0,9% бұлшық етке;

– пиридоксин гидрохлориді 2-3 мл 5%, 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен тамырға;

– нəтижесі болмаса – 1-3 мл 0,25 % дроперидол%, 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен к/т, б/е.
 

7.Бас ауырғанда: кеторолак 30 мг бұлшық етке.
 

8. Нейропротективті терапия:

– актовегин 10 мл (40мг/мл) к/т баяу, бұлшықет ішіне егізуге де болады, 5 мл – ден көп емес;

– глицин тіл астына 1 г;

– 25 % магний сульфаты ерт. 5 – 10 мл к/т баяу тамшылатып 100-200 мл 0,9% натрий хлориді ерт. – мен.

– Мексидол к/т 5-7 мин ішінде құю немесе 100-500 мг тамшылатып 200-400 мл 0,9% натрий хлориді ерт. – де 60 – 80 там/мин жылдамдықпен;

– Церебролизин 5-10 мл к/т баяу құю немесе 10 -60 мл – ді 200 мл 0,9% натрий хлориді ерт.- де тамшылатып 60-90 мин ішінде енгізу, немесе глиатинді 4 мл (1000 мг) 10-20 мл 0,9% натрий хлориді ерт. – де баяу енгізу, не болмаса эмоксипин 15 мл 1 % ерт.- сін к/т тамшылатып, карнитин хлориді 7-10 мл 1 % ерт.- сін 300-500 мл 0,9% натрий хлориді ерт. – де к/т 6 там/мин жылдамдықпен енгізу;

– пирацетам 10-20 мл к/т сұйылтылмаған күйде (инсульттың ауыр өтетін ағымында, терең сана бұзылысымен қабаттаса жүруінде қрлдануға болмайды).
 

9. Микроциркуляцияны жақсарту жəне тромбоэмболияның қайталануының алдын алу үшін пентоксифиллинді к/т тамшылатып 0,1 г мөлшерде(бір ампула) 250-500 мл 0,9% натрий хлориді ерт.-де 90-180 мин ішінде , немесе варфарин 2,5 мл ішке, не болмаса ацетилсаллицил қышқылын 500мг ішке қолданады.

Ми қан айналымын жақсарту, мидағы қан ағысын көбейту, мидың шеткері қан тамырларының кедергісін тұрақтандыру, нейрондардың оттегімен қамтамасыз етуін жақсарту, ми тінінің метаболизмін жақсарту үшін – 0,3 мг винкамин қолданылады.
 

10. Қанның ұю қасиетінің бұзылыстарын реттеу – гепарин 5000 ЕД к/т.
 

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Оттегі, м3.

2. *Эналаприл 1,25 мг 1 мл, амп.

3. *Магний сульфаты 25% 5,0 мл, амп.

4. *Пентакрахмал 400,0 мл, фл.

5. *Допамин 0,5% – 5 мл, амп.

6. *Натрий хлориді 0,9% – 400,0 мл, фл.

7. *Диазепам 10 мг 2,0 мл, амп.

8. *Натрий оксибат 20% – 10,0 мл, амп.

9. *Метоклопромид 0,2 мг 1,0 мл, амп.

10. *Пиридоксин гидрохлориді 5% 1,0 мл, амп.

11. *Дроперидол 25 мг – 10,0 мл, амп.

12. *Кеторолак 30 мг – 1,0 мл, амп.

13. *Пирацетам 20% – 5,0 мл, амп.

14. *Пентоксифиллин 100 мг – 5,0 мл, амп.

15. *Варфарин 2,5 мг, табл.

16. *Гепарин 5000 ЕД, амп.

17. Кальций надропарин ерітіндісі алдын ала толтырылған шприцтерде иньекция түрінде 2850 МЕ анти-Ха/0,3мл; 3800 МЕ анти-Ха/0,4мл; 5700 МЕ анти-Ха/0,6мл; 7600 МЕ анти-Ха/0,8мл.

18. *Винкамин, 30 мг, капс.
 

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

1.  Полиглюкин 400,0 мл, фл.

2. *Ацетилсалицил қышқылы 500 мг, табл.

3. *Декстроза 5% – 400,0, фл.

4. *Натрий хлориді 0,9% – 5,0 мл, амп.

5.  Актовегин 10 мл, амп.

6.  Глицин 100 мг, табл.

7.  Мексидол 500 мг, амп.

8.  Церебролизин 5 мл, амп.

9.  Глиатилин 1000 мг, амп.

10. Эмоксипин 1% – 5,0 мл, амп.
 

Ем тиімділігінің индикаторлары: науқас жағдайының тұрақтануы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Источник: https://diseases.medelement.com/disease/%D2%9B%D0%B0%D0%BD-%D2%9B%D2%B1%D0%B9%D1%8B%D0%BB%D1%83-%D1%82%C9%99%D1%80%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96-%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D0%B3%D1%96%D1%81%D1%96%D0%B7-%D0%B8%D0%BD%D1%81%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82-%D0%BD%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D0%B5-%D0%B8%D0%BD%D1%84%D0%B0%D1%80%D0%BA%D1%82/13416

Инсульт

Инсульт емдеу жолдары

Инсульт – мидың жүйке жасушаларының зақымдануы мен өлуіне әкелетін ми қанайналымының бұзылуы.

Инсульт өте қауіпті ауру! Ол кенеттен және жылдам дамиды. Салдарынан науқас өліп кетуі мүмкін. Инсульттің симптомдарын байқаған бойда науқасқа жедел медициналық көрмек көрсету керек!

Инсульттің тағы бір салдары- ол адамның мүгедек болып қалуы. Инсультпен ауырған адамдардың 70-80 пайызы мүгедек болып қалып жатады.

Келесі патологиялық күйлер инсультті тудырады, олар – миға қан құйылу, мидың инфарктісі және торлы қабық астына қан құйылу жатады.

Инсультті тудыратын факторлар:

  • Гипертониялық ауру (қан қысымының жоғары болуы)
  • Ұйқы артериясының стенозы (тарылуы)
  • Тромбоз
  • Эмболия
  • Қанұйығыштықтың бұзылуы
  • Ми тамырларының аневризмі
  • Жүрек ритмінің бұзылуы
  • Атеросклероз және басқа да жүрек- қантамыр аурулары
  • Қант диабеті
  • Зиянды әдеттер (темеке, алкоголь)
  • Ұйқысыздық
  • Майбасу
  • Демнің тоқтауы (демнің 10 секундтан артық тоқтауы)
  • Ағзаның салқындап қалуы
  • Жарақаттар
  • Адамның жасы үлкеюі

Инсульттің түрлері

Ишемиялық инсульт (мидың инфарктісі) – инсульттің ең жиі кездесетін түрі. Ми артерия тамырыны тарылып немесе бітеліп қалғанда, миға қан келу кенет тоқтайды. Ми жасушалары оттегімен келетін пайдалы қоректен айырылып, аз уақыттың ішінде өле бастайды.

Геморрагиялық инсульт (ми ішіндегі гематома). Инсульттің бұл түрі қантармырдың жарылуынан немесе тесіліп ағуынан болады.

Транзиторлы ишемиялық шабуыл немесе микроинсульт

Инсульттің бұл түрі қысқамерзімді (5 минуттан) кем инсульт симптомдарының орын алуы.

Микроинсультте тромб миға қанның айдалуын бұзады, бірақ үлкен зақым тигізбейді, өйткені тамырдың бұғатталуы уақытша ғана болады.

Маңызды! Микроинсультте де жедел жәрдем шақыру керек!

Инсульттің алғашқы белгілері мен симптомдары:

  • Кенет әлсіздіктің пайда болуы
  • Сал ауру немесе бет, қол-аяқ ұштарының ұюы
  • Сөйлеудің бұзылуы
  • Көз көргіштіктің нашарлауы
  • Бастың қатты ауырсынуы
  • Бас айналу
  • Тепе-теңдікті жоғалту және жүру корординациясының бұзылуы

Адамда инсульт болып жатқанын қалай білуге болады?

Егер адам теңселіп, өзін еркін ұстай алмай тұрса, мас адам екен деп қалдыруға асықпаңыз. Бұл инсульттің симптомдары болуы мүмкін. Келесі белгілерге мұқият қараңыз:

  1. Одан көмек керек емес пе деп сұраңыз. Жауап беру кезінде сөздері анық шықпай, тілі күрмеліп жатыр ма, мән беріңіз.
  2. Күлуді сұраңыз. Күлгенде езуі әртүрлі линияда тұрса, онда ол инсульттің симптомы.
  3. Қолын қысып көріңіз. Инсульт кезінде қол алысуда қолдары әлсіз болады, бір қолын жоғары көтеруін сұрағыз, қолы қайта төмен түсіп кетсе, бұл да инсульттің белсігі болады.

Осы белгілерді байқаған жағдайда:

  • Жедел дәрдем шақырыңыз!
  • Алғашқы көмек көрсетіңіз!

Инсульттің салдары:

Аурудың салдары әр адамда әртүрлі болады. Кейбірінде тіпті болмауы да мүмкін. Ал кейбірінде уақытша немесе мәңгілік мүгедек болып қалу қаупі бар. Салдары:

  • Сал ауруы немесе бұлшық еттердің қимыл жоғалтуы
  • Сөйлеудің немесе жұтынудың бұзылуы
  • Есін жоғалту
  • Дененің кейбір бөліктерінің ауырсынуы немесе ұюы
  • Өз-өзін күтіне алмау

Диагностика

— дәрігердің тексеруі, сырқатнаманы зерттеу

— қан талдауы

—-компьютерлі томография

— магнитті-резонансты томография (МРТ);

— ұйқы артериясын узд арқылы тексеру

— артериография;

— эхокардиография.

Инсультті емдеу

Инсультті емдеу 3 кезеңнен тұрады:

—жедел медициналық көмек көрсету
—стационарлық емдеу

— реабилитация

Алғашқы сағаттарда дәрігерлер алғашқы жедел көмекті көрсетеді.

Алғашқы күндері стационарда өлім қаупін азайтатын, мидың зақымдануын азайтатын, инсульттің қайталап ұстамауы үшін  қарқынды терапиямен емдейді.

Келесі апталар мен айларда жағдайды бірқалыпты ұстайтын дәрі-дәрмектер беріледі және дәгірлердің бақылауында болады.

Емдеу

Ишемиялық инсультті емдеуде тромбтарды ыдыратушы дәрі-дәрмектер пайдаланылады. Сонымен қатар,инсультті болдырмас үшін әртүрлі дәрі-дәрмектер, екпе дәрілер және басқа да мдеициналық процедуралар қолданылады

Гемаррагиялық инсультті емдеу. Ең алдымен миға қанқұйылуды жылдам тоқтатуға тырысады. Ми артериясында түзілген тромбты алып тастау үшін нейрохирургиялық ота жасалады.

Одан бөлек, науқас жоғары артериялық қысымды түсіру үшін дәрігер жазып берген дәрі-дәрмек ішеді.

Қосымша «маннитол», барбитураттар мен стероидтар берілуі мүмкін.

Ауруханадан шыққан соң науқас инсульттан кейінгі реабилитациядан (қайта қалпына келу) өту керек. Бұл инсультті қайта болдырмас үшін керек. Арнайы реабилитациялық орталыққа барған дұрыс.

Инсульттан кейін қайта қалыпқа келу

  • Емдік дене шынықтыру (кинезотерапия)
  • Массаж
  • Ауырсынуды басу. Оған арнайы электротерапия, магнототерапия және лазеротерапия процедуралары жасалады.
  • Ұлпа трофикасын жақсарту
  • Сөйлеуді қалыпқа келтіру
  • Психологиялық және әлеуметтік адаптация. Инсульт алған адамға достардың, отбасының және жақын адамдардың қолдауы өте қажет.

Профилактика

Инсультті болдырмас үшін қауіп тудыршы факторларды жою керек. Келесі ережелер мен нұсқаулықтарды орындау – инсульттің немесе қайталама инсульттің алдын алады. Олар:

  • Жан тыныштығын сақтау, позитивті ойда жүру
  • Бірқалыпты салмақта жүру, майбасуды болдырмау
  • Дұрыс тамақтану, дәрумендер мен микроэлементтерге бай көкөніс пен жеміс-жидек көп тұтыну
  • Тұздан шектелу
  • Белсенді өмір салтын ұстану
  • Ұйқыны қандыру.
  • Зиянды әдеттерден бас тарту (темекі, алкголь, есірткі)
  • Артериялық қысымды бақылап жүру(гипертонияда)
  • Қандағы қант диабетін бақылау
  • Қандағы холестериннің көрсеткішін бақылау

Инсультпен ауырғанда қандай дәрігерге көріну керек?

Источник: https://medkenes.kz/cardio/insult

Инсульт Түрлері Мейірбикелік күтім Инсульт лат insultus

Инсульт емдеу жолдары

Инсульт Түрлері Мейірбикелік күтім.

Инсульт (лат. insultus — соққы, қыспа талу, инсульт) — ми тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз).

Ми инсультына ұшырау қауіп-қатер факт 1) Қан қысымының – ҚҚ артуы (50%); 2) Қант диабеті (8%); 3) Жүрек кеселдері (7 -33%); 4) Темекі тарту, шылымқорлық, 5) Алкогольді шектен тыс тұтыну (29, 6%); 6) Психоэмоционалдық зорығу (76%); 7) Гипокинезия (36%); 8) Семіздік (23%).

Инсульт Ишемиялық инсульт ми қантамырларының тромбозы немесе эмболиясының нәтижесі болып табылады. Жиі ішкі ұйқы артериясының, ортаңғы ми немесе негізгі артерияның тромбозы байқалады. Геморрагиялық инсульт қантамырлардың жарылуы, аневризманың жарылуы немесе вазомоторлы бұзылыстар нәтижесінде дамиды (қантамырлар дистониясы).

Клиникасы Ишемиялық Ø Науқас дұрыс күле алмайды. Еріннің бір бұрышы төмен түседі. Ø Науқас дұрыс сөйлей алмайды. Сөзі баяу, түсініксіз болады. Ø Зақымданған бөлігінің салдануы, қолдағы, аяқтағы әлсіздік, науқас бір мезетте екі қолының бірін көтере алмайды.

Ø Бұл үш симптомды анықтаған кезде тез арада жедел-жәрдем шақырту керек. Клиникалық көрінісі: Ø -Сойлеудің бұзылысы Ø -Белгісіз интенсивті бас ауру Ø -Қол, аяқ қозғалысының бұзылуы Ø -Бас айналу Геморрагиялы Ø Құйылған қан миды басып, оны ісіндіреді және мидың бір бөлігі өледі.

Мұндай инсульт көбінесе ауыр, күйзеліске толы күннен соң туындайды. Ø Кешке қарай бас жарылып кетердей қатты ауырады. Заттардың барлығы қызыл түсті болып көріне бастайды, жүрек айнып, құсады, бас ауруы күшейеді – соққының алғашқы белгісі осындай.

Ø Сонан соң қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сезгіштік қабілеттері бұзылады, құлақ естімеуден бастап, естен тануға, тіпті кома жағдайына дейін барады

Ишемиялық инсульт кезіндегі жед – Мидағы қан айналымы бұзылған сәттегі алғашқы 3 сағат (көп дегенде 6 сағат) «терапевтік уақыт» деп аталады. Өйткеніі, бұл кездері мидағы өзгерістердің бетін бері қайтаруға болады. Міндетті түрде жедел жәрдемді шақыру, әрі аурудың белгілері жайлы нақты, толық мәлімет беру керек, сол кезде арнайы неврологиялық бригаданы жібереді.

Дәрігерлер келместен бұрын науқасқа дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсетілуі тиіс – Ең алдымен, науқасты басы мен иығы көтеріліңкі болатындай етіп (бұрышы 30 градусты құрауы тиіс) жатқызу керек. Науқас үйде ауырып қалса, басы мен иығына жастық қойыңыз. Егер ұстама көшеде орын алса, бүктелген кеудешені пайдалануға болады.

Науқасты басқа орынға ауыстырмаңыз (мәселен төсекке жатқызу), бұл қауіпті

– Науқасты қажетті таза ауамен қамтамасыз етіңіз. Ол үшін белдік пен көйлектің жағасын ағытыңыз немесе қалың киімін шешіңіз. Ғимаратта болсаңыз, терезе мен желкөзді (форточка) ашыңыз. – Бөлмеден артық адамдар шығып, ішінде көмектесе алатындар ғана қалуы тиіс.

– Лоқсу кезінде науқастың басын абайлап шетке бұрыңыз. Тұншығып қалмас үшін ауыз қуысын құсықтан тазалаңыз. Егер көп мөлшерде сілекей ағатын болса, басын ақырын ғана шетке бұрыңыз. Алғашқы көмек кезінде миға қан құйылуы анықталып, жедел іс-шаралар орындалады.

Бұны көбіне “жедел жәрдем” дәрігерлері атқарады.

Инсульт себептерінің бірі қан тасу болғандықтан, қан қысымын төмендету миды оттегімен қамтамасыз ететін антиоксидантты, ноотропты дәрілер беру, құрысу белгілерін тежеу, науқас естен танған жағдайда, ауыз қуысын тазалап, оттегімен демалдыру, ауруханаға жеткізу.

Геморрагиялық инсульт кезіндегі мейірбикелік күтім. Мейірбике дәрігер нұсқауын орындайды. Мейірбике науқастың гемодинамикасын бақылайды/ АҚҚ, есін бағалау, пульс, температурасын, диурезін бақылау/ Тыныс алубұзылғнда тыныс алу өткізгіштігін бақылау, кома кезінде құсықтың алдын алу.

Геморрагиялық инсульт кезіндегі науқастағы проблемалар: Мейірбикенің іс-әрекеті: Тыныс алу бұзылыстары Тіс протезін алып тастау Эндотрахиалды түтік қою Науқастың төсектегі қалпын өзгерту Тыныс алу гимнастикасын жасатқызу. Жұтынудың бұзылысы Науқастың ес-түссіз/ кома/ жағдайда немесе жұтыну рефлексі болмаған кезде тағам назогастральды зонд арқылы беріледі.

Терморегуляция бұзылысында Науқастың дене температурасын бақылап температура парағына түсіру. Бөлме температурасын қадағалау. Әр 2 сағ сайын бөлмені желдету. Науқасқа қалың жапқыш қолданылмайды. Қимыл-қозғалысты қалпына келтіру Науқаспен бірге дәрігер нұсқауы бойынша дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Сойлеуді қалпына келтіру Логопедпен жұмыс жасау Өзін-өзі күтуді қалпына келтіру Өзін – өзі күту дағдыларын қалпына келтіру

Источник: https://present5.com/insult-t%D2%AFrleri-mejirbikelik-k%D2%AFtim-insult-lat-insultus/

Инсульт — емі, қалпына келуі, науқасқа күтім жасау

Инсульт емдеу жолдары

Инсульт – ми қан айналымының жедел бұзылысы. Инсульттің түріне байланысты емдеудің қандай зерттеу әдістерін қолданады және оның қайта қалпына келуіне не кіреді?

Инсультты емдеу

Инсульт – бұл дайын сызба арқылы емдеуге болмайтын, ми қан айналымының жедел бұзылысы болып табылады. Бұзылыстың екі түрі болады – геморрагиялық және ишемиялық инсульт. «Инсультты қалай емдейміз» деген сұрақтың жауабын тек невролог, нейрохирург мамандардан алуға болады.

Емдеу тактикасы толығымен оның түріне, денсаулық жағдайына, бұзылысты шақыратын себептерге және патологияның салдарларына тәуелді болады. Емдеудің негізгі әдістері – медикаментозды және хирургиялық, дегенмен жедел жағдайды тоқтату мен көрсеткіштерді қалпына келтіру– жүйке жүйесінің қызметін максималды қалпына келтірудің жалғыз жолы емес.

Келесі қалпына келтіру түрі инсульттің  салдарларын емдеуге жатады.  Оларды толығымен жоюға болады, бірақ бұл ми құрылымының зақымдалу деңгейіне байланысты болады.

Бұл мақалада аурудың екі түрінің де ағымдық ерекшеліктері, сонымен бірге емдеу әдістерінің әрқайсысы және қалпына келу жағдайлары қарастырылады.

Инсультті емдеудің негізгі бағыттары

Дәрігер бас миындағы қан айналым бұзылысының сипатына байланысты, арнайы емдеу әдісін, сонымен бірге  қосымша жалпы терапиялық және профилактикалық шараларды таңдайды.

Профилактикалық – бұл  инсульттің мүмкін болатын асқынуларының алдын алу үшін қолданылатын процедуралар мен медикаментозды емдеу әдісі.

Алғашқы кезекте бұл –тыныс алудың, зәр шығарудың, қан айналымының (соның ішінде перифериялық) маңызды қызметтерін реттеу және күнделікті күтім.

Ол емдеудің оңалту кезіндегі соңғы рөлді атқарады, яғни науқас, кейбір зардаптарға байланысты, төсектегі қалпын сақтайды.

Ишемиялық инсультты емдеудің арнайы әдістері

Ишемиялық инсульттегі негізгі тапсырмалар – қалыпты қан айналымын қалпына келтіру және ми тінін зақымданудан қорғау. Оларды бірнеше топ медикаментозды өнімдермен жасауға болады.:

Тромболитиктер. Түзілген тромтарды ерітіп, қан айналымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді және бас миындағы нейрондардың зақымдалуының алдын алады, зақымдану аймағының өлшемін азайтады.

Бұл топ препараттарын дәрігермен бірге мұқият қолданады, яғни оның асқынуы гемморагиялық инсульт болуы мүмкін – тіннің зақымдалған аймағындағы ми қан айналымының екіншілік жедел бұзылысы болып табылады.

Осы себептен де дәрігер тромболитиктерді тек кейбір науқастарға ғана және біріншілік қан айналым бұзылысының бастапқы сатыларында тағайындайды.

Түзілген тромбтардың дамуының және жаңа тромбтардың түзілуінің алдын  алу үшін, жиі антикоагулянттар қолданылады. Олар тромбоциттердің мөлшерін төмендетеді, және қанның тұтқырлығының көрсеткіші болып табылады.

Бұл- науқас асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан зардап шегетін жағдайларда ішкі қан кетумен қауіпті болуы мүмкін, сондықтан да осындай жағдайларда антикоагулянттарды аса мұқият тағайындайды.

Антиагреганттар – қан элементтерінің өзгеруіне ықпал ететін, кең тараған топ препараттары. Олар тромбоциттердің агрегациясын төмендетуге қабілетті – олардың «жабысуын» және тромбтардың қалыптасуын тоқтатады. Емдік өнімдердің бұл санаты келесідей себептерден шақырылған инсультті емдеу үшін стандартты болып табылады:

атеросклероз;

тромб түзілуіне бейімділікпен жүретін қан аурулары.

Бұдан бөлек, антиагреганттар – қайталамалы инсульттің дамуының алдын алуға қабілетті профилактикалық препараттар.

Барлық айтылған емдік өнімдер ми қан айналымын жақсартады және қалпына келтіреді. Емдеу курсы жеке–дара болады – маман әрбір нақты жағдайда препараттардың дозасын және байланысын оның бастапқы жағдайына, көрсетіліміне, қарсы көрсетіліміне, бұзылыстың ауырлық деңгейіне байланысты есептейді. 

Инсульт жүйке жасушаларының өлуіне алып келеді, яғни ол қоректік заттар мен оттегін ала алмағандықтан болады. Патологиялық биохимиялық реакцияларды тоқтату үшін, нейропротекторлар қолданылуы мүмкін. Олар ми тінінің зақымдалу ошағын азайтуға мүмкіндік береді. Соған қоса нейропротекторлар тапсырманы орындауға қабілетсіз сақталған жасушаларды белсенді етуге көмектеседі.

Ишемиялық инсультты емдеудің хирургиялық әдісі – каротидті эндартерэктомия, — тек белгілі көрсеткіштерде ғана қолданылады – ұйқы артериясының кенеттен болатын стенозы (тарылуы)  немесе атеросклероздық бляшкалармен бітеліп қалуы. Күрделі хирургиялық әрекетке қарамастан, бұл әдісті біріншілік инсульттың алдын алуда және ми қан айналымының қайталамалы бұзылысының дамуында профилактика ретінде қолданады.

Геморрагиялық инсультті емдеудің арнайы әдістері

Геморрагиялық инсульттегі басты мәселе – қан кетуді тоқтату және артериалды қан қысымын тұрақты бақылау.

Қысым көрсеткішінің төмендеуі – басты мәселе тамырлардың қабырғасындағы қан қысымын төмендету болып табылады. Бұл қан кетуді тезірек тоқтатуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта гипотензивті препараттар тобы қолданылады. Науқас оларды ішке қабылдайды немесе көк тамырға енгізеді – бұл  оның жалпы жағдайы мен көрсеткіштеріне байланысты болады.

Хирургиялық ота жасау тамырдың бүтіндігін қалпына келтіреді, дегенмен бұл әрдайым мүмкін бола бермейді.

Қан кету медикаментозды тоқтатылуы мүмкін және осындай жағдайда ота жасау міндетті емес. Соған қоса, ота жасағаннан әсер болмайтын жағдайлар болады –  ми тінінің терең қабатына қан құйылу, яғни асқыну қаупінің жоғары болуына байланысты отаның көмегімен өзгерте алмайды.

Айналасындағы тіндерді ығыстыратын үлкен гематомаларды жою үшін  нейрохирургиялық ота жасалынады. Ол екі тәсілмен орындалады:

Ашық тәсіл. Жабық тәсіл.

Науқастың бас сүйегін ашу (трепанация) және гематоманы алып тастау. Канюланы кіші тесік арқылы қан құйылу орталығына енгізіп, сол арқылы қанды алып тастайды. 

Аневризманың жарылуынан (тамырлардың және артериялардың қабырғаларының томпаю) болатын қан құйылу жағдайларында, оны жалпы қан ағымынан алып тастап –металдан жасалған қыспамен «жабады». Бұл аневризманы қыспамен жабу деп аталады.

https://www.youtube.com/watch?v=umurgV7_-30

Егер аневризма бас миының беткейінде болса, оның жарылуынан субарахноидальды қан құйылу болады – қан мидың айналасындағы кеңістікке жайылады. Сау тамырлар тарылып, ишемиялық жағдайларға әкелуі мүмкін. Осындай асқынулардың алдын алу үшін, дәрігер арнайы препараттарды тамыр ішіне енгізеді. 

Қан құйылу ми қарыншаларына әсер еткен жағдайларда, бас сүйегінен сұйықтық келетін тесіктің тығындалып қалуы мүмкін. Бұл қарыншалардың кеңеюі мен тіндердің қысылуына — обструктивті гидроцефалияның дамуына алып келеді.

Осындай жағдайларда шұғыл ота жасау керек – яғни, сұйықтықтың келуін қамтамасыз ету үшін, қарыншаларға дренаж қою керек. Бұндай шара медикаментозды емдеу көрсетілімімен жүреді.

Егер  гидроцефалия гематомамен келетін жолдардың қысылуымен шақырылған болса, дәрігер оны алып тастайды және тек содан кейін ғана дренажды орнатады.

Ишемиялық және геморрагиялық инсульттың ең қауіпті асқынуларының бірі – мидың ісінуі. Бұл – сұйықтықтың тіндерде шектен тыс жиналуы нәтижесінде көлемінің ұлғаюы болады. Ісіну ми құрылымының өзгерісіне және олардың қысылуына, сонымен қатар өлімге әкелуі мүмкін.

Бұл жағдайда асқынуды болдырмаудың негізгі тактикасы – осмостық диуретиктерді енгізу болып табылады. Олар қанда жоғарғы осмостық қысымды құруға бағытталған және артық сұйықтықтың қанға шығуына ықпал етеді. Науқас өкпенің жасанды желденіс жағдайында болған кезде, дәрігер бас сүйек ішілік қан қысымын түсіру үшін, желденіс режимін өзі таңдайды. 

Инсульттың түріне тәуелсіз, негізгі емдеу сызбасынан бөлек, симптомдық емдеу қажет етілуі мүмкін. Науқастың денсаулық жағдайына және айқындалған белгілерге байланысты, дәрігер тағайындауы мүмкін:

седативті препараттар – айқын қозудың белгілері болған жағдайда

ұстамаға қарсы препараттар – ұстама көрініс тапқан жағдайда немесе олардың даму қаупі болған жағдайда (мысалы, анамнезінде эпилепсия болғанда);

ауырсынуды басу және т.б.

Кейбір жағдайларда инсульт алған науқастың өмірінде маңызды қызметті немесе адамның жалпы жағдайын жақсарту үшін, басқа да емдік шаралар қажет болуы мүмкін.

Инсультті және оның асқынуларын емдеудің жалпы әдістері

Инсульт кезінде алғашқы көмек көрсеткеннен кейінгі бірінші кезектегі мәселе – мүмкін болатын асқынулардың алдын алу немесе олардың уақытылы реттелуі.

Асқыну Реттелу/ алдын алу

Өкпе қабынуы Тыныс алу гимнастикасы, егер науқастың есі анық болса. Бөлмедегі ауаны күнделікті тазарту.

Ұзақ уақыт төсекте жатудан болатын ойылулар  Төсектегі науқасты  аударыстыру. Дәрігердің рұқсатымен отырғызу. Күнделікті арнайы құралдардың көмегімен өңдеу, бір реттік гигиеналық құралдарды пайдалану.

Су балансының бұзылуы Жұтына алау жағдайында зонд орнату.

Аяқ веналарының тромбозы Аяққа арналған гимнастикаларды жасау, буындарды бүгу-жазу және науқасқа күтім жасаушының көмегімен – белсенді емес гимнастика –Дәрігердің келісімімен өкшеден санға дейін массаж жасау. Тромбоз болған жағдайларда – аяқ-қолды эластикалық бинтпен таңу.

Стоматит Күнделікті тісті тазалау және ас қабылдағаннан кейін ауыз қуысын шайқау. Арнайы ерітіндіге батырылған мақта шаригімен ауыз қуысын сүрту.

Инсульт алған қозғалыссыз науқастың күтімі – уақытылы жуу, ішектің және қуықтың босау процессі кезінде жайманың тазалығын қамтамасыз ету үшін арнайы ыдысты қолдану сияқты гигиеналық талаптардың орындалуы қажет.

Көптеген жағдайларда бірнеше уақыттан кейін, кейбір қызметтері жартылай қалпына келеді, Науқасқа өз бетімен қозғалуға  және қатаң төсек режимін сақтамауға рұқсат беріледі. Дегенмен, осымен қалпына келуі аяқталмайды.

Қалпына келу кезеңі, инсультті емдеудегі терапиялық және хирургиялық шаралардан маңыздылығы жағынан кем емес.

Оның басты мақсаты – неврологиялық белгілерді тұрақтандыру және оның біртіндеп болатын регресі. Бұл бас миы жасушаларының өзіндік «қайта даярлау көмегімен» қол жеткізілінеді – яғни, сақталған тін аймақтары, қан айналымының бұзылысы нәтижесінде зардап шеккен бөлімдердің қызметін өзі атқарады.

Ол үшін емдік препараттардың бірнеше тобы қолданылады:

вазоактивті өнімдер – қанмен қамтамасыз етуді жақсартатын препараттар;

аминқышқылдары;

ноотропты препараттар.

Бұдан бөлек, оңалту электростимуляция массаж сеансын және емдік жаттығуларды орындаумен құралады. Олар сіресулердің, тромбоздардың және басқа да болуы мүмкін зардаптардың даму мүмкіндігін азайтады, қозғалыс қызметін қалпына келтіреді.

Инсульт алғаннан кейінгі оңалту ерте мерзімде басталады – яғни, қозғалыс режимінің кеңеюі мен интенсивті қызметінің аяқталу барысында. Дәрігер шешімді науқастың жалпы жағдайына байланысты қабылдайды. Оның ұзақтығы жек анықталады – яғни, бірнеше айдан бірнеше жылға дейін болады.

Кеңінен қолданылатын қосымша емдеу әдістеріне балшықпен емдеу, физиотерапия, рефлексотерапия жатады. Бұл шаралардың арнайы шипажай- мекемелерде жүргізілгені абзал.

Психоэмоционалды жағдайын реттеу – оңалту кезеңінің маңызды бөлімі болып табылады. Қауіп тобында мүгедектікке шалдығып, маңызды қызметтеріннен айырылған және өзіне күтім жасап, жұмыс атқара алмайтын, белсенді өмір сүруге қабілетсіз науқастар болады.

Осындай жағдайда инсульт алған адамның жақын туыстары маңызды рөл атқарады  – қажетті көмек пен қолдау көрсетіп, бейәлеуметтендіру мен оңалтуды тездетеді. Бұдан бөлек, психологиялық жағдай, физиологиялық және когнитивтік (ойлау, танымдық) процесстерін жылдамырақ қалпына келуіне ықпал етеді.

Суицидті ойлаумен жүретін айқын депрессия медикаментозды қосымша реттеуді қажет етеді – психиатр, психотерапевт мамандардың тағайындауымен антидепрессанттарды қабылдау керек.

Психотерапевттік әдістер, тренингтерге және кеңес беру сабақтарына бару, психотерапевтпен жеке және топтық жұмыс – психоэмоционалды жағдайды қалпына келтірудің негізі болып табылады.

Источник: https://lamifaren.kz/kk/mamandardy%D2%A3-ma%D2%9Balalary-kz/insult-emi-%D2%9Balpyna-kelui-nau%D2%9Bas%D2%9Ba-k%D2%AFtim-zhasau

Инсульт кезінде алғашқы жәрдем

Инсульт емдеу жолдары

Инсульт – зардаптары бас миы үшін зақымдау шы қауіпті ауру. Зақым келу аймағына байланысты қолда немесе аяқта әлсіздік туындайды, сөйлеудің бұзылуы байқалады және кей жағдайларда толық немесе ішінара соқырлық дамиды.

Бұл симтомдар күтпеген жерден басталып, бірнеше минуттан кейін кетуі мүмкін, сондай-ақ қайтадан қайталап, науқаста салдықты туғызуы мүмкін. Өкінішке орай, инсульт адамның өліміне әкелуі мүмкін.

Таныстарыңыздың арасында инсульт болып, сау кісі бір күн ішінде науқасқа айналып, төсекке таңылғанын көрген адамдар бар шығар. Сондықтан бірінші сигналдар кезінде оларды біліп, алғаш жәрдем көрсете алғаныңыз маңызды.

Инсульт деген не?

Анықтама бойынша инсульт (лат.insulto – шабамын, секіремін) – 24 сағаттан артық созылатын немесе кісі өліміне әкелетін, ми функцияларының кенеттен жоғалуымен немесе бұзылуымен сипатталатын, мидың күшті тамыр патологиясымен себепші бол-ған аурулар тобын ұсынады. Инсульт – бұл бас миы тамырларының ең қауіпті ауруы. Инсульттың екі түрін ажыратады: геморрагия-

лық түр бойынша инсульт (қантамырдың жарылуы мен қан құйылу) және ишемиялық түр бойынша инсульт (қантамырдың бітеліп қалуы).

Аурудың даму фоны гипертония, жүрек аурулары, жүрек жеткіліктіліксіздігі, ми атероск-

лерозы және т.б. болып табылады. Инсульт – бұл кішігірім функционалдық өзгерістерден мидың кері қайтарылмас құрылымдық зақымдануына дейін ілгерілеуші ауру.

Қантамырдың жарылуының геморрагиялық түрі бойынша инсульт кезінде көбінесе жоғары артериялық қысымның себебінен болады, себебі атеросклероз кезінде артерияның қабырғасы жұқарған. Адам басына соққыны, аса қатты бас ауруы мен сіңір тартылуларды бастан кешеді.

Ол ес-түсінен айрылуы немесе аурудан айқайлай бастауы мүмкін, көбіне қайта-қайта құсық болады, демі жиі болады, ал беті қызарады. Егер инсульт ми гематомасының пайда болуымен қосылса, адамда сал дамуы мүмкін.

Ауру есін жиған кезде гематоманың пайда болу аймағына байланысты келесі бұзушылықтар белгіленеді: сол жақтан – анық көрінген психикалық ауытқулар, оңнан – сөйлеудің бұзылуы (афазия).

Ишемиялық түр бойынша инсульт кезінде симптомдар азырақ дәлірек көрінеді, сондықтан ол қауіптірек. Науқастың мойын мен аяқ бұлшықеттерінің анық зорлануы байқалады.

Ол ушыққан және сасқалақтаған көрінеді, бірақ бұнымен қоса бәрі жақсы екенін айтып, сізді сендіртуге тырысады.

Бір уақыттан соң ауру ұстауы қайтадан қайталанады, ал белгілері күшейеді, бірақ егер дереу медициналық жәрдем шақырса, адамды құтқаруға және зардаптарынан емдеуге болады.

ИНСУЛЬТТЫҢ ПАЙДА

БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Инсульттың пайда болуының негізгі себебі жоғары артериялық қысым болып табылады. Сондықтан әрбір адам өзінің «жұмысшы» қан қысымын білуі және ол көтерілген жағдайда оны төмендетуге тырысуы керек.

Тұтастай алғанда, егер сіздер гипертониямен зардап шексеңіздер, сіздер дәрігерге көрінуге және дәрілер ішу, физикалық күш түсулер және арнайы емдәм сақтау тұрғысынан оның ұсыныстарына нақты ерулеріңіз керек.

Сіз сондай-ақ, егер сізде жүрек ауруы, қант диабеті бар болса, егер сіз шылым тарт-

саңыз, алкоголь ішсеңіз, артық салмағыңыз болса, қозғалмайтын өмір салтын жүргізсеңіз, генетиқалық бейімділігіңіз болса, қан ауруларымен, ми ыдыстарының қабынуымен азап шексеңіз, қанды сұйылтушы дәрілерді (антикоагулянттар, антиагреганттер, тромболитикте) немесе психостимуляторларды (амфетаминдер және т.б.) қабылдасаңыз қауіп- қатер тобында боласыз.

ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ

ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ КЕРЕК

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз инсульттың белгілерін сезсеңіз, дереу жедел- жәрдем шақырыңыз. Ол келгенге дейін нау-қастың күйін жеңілдетуге тырысыңыз.

– Науқасты еденге немесе кереуетке жат-

қызыңыз және еңкею бұрыны 30 градус болатындай етіп, басының астына жастық салып, бір бүйірге бұрып қойыңыз. Күрт қозғалыстар жасамауға және науқасты тасымауға тырысыңыз, бұл ұстамалы ауруды асқындыр-

уы мүмкін.

-Алмалы- салмалы протездерін алыңыз, көйлегінің жағасын шешіңіз, белдікті босатыңыз және аузынан бөлінетін көбік тыныс алу органдарына түспес үшін, оны үнемі орамалмен сүртіп отырыңыз.

-Науқас тілін тістеп алмас үшін, тісінің арасына орамалға орап тарақ немесе таяқ қойып қойыңыз.

– Сіңір тартылумен қысылған саусақтарын ашуға тырыспаңыз, науқасты бүкіл салмағыңызбен баспаңыз. Бұл ұстамалы аурудың күшеюіне, кездейсоқ буын шығып кетулері мен сынуларға әкелуі мүмкін.

– Терезені немесе форточканы ашып, таза ауаның кіруін қамтамасыз етіңіз.

– Дәрі бермеңіз және мүсәтір спиртін пайдаланбаңыз. Ол тыныс алудың тоқтатуына әкелуі мүмкін.

– Егер оның пульсы сезімлесе, жүрегі тоқтап қалса және тыныс алысы тоқтаса дереу өкпе- жүрек реанимациясын бастаңыз.

Ең бастысы, науқасқа жедел медициналық жәрдем көрсетілуі керек, себебі инсульт дамыған кезде алғашқы минуттары мен сағаттар қымбат болып табылады.

Егер инсультты болдырмаудың сәті түспесе

Науқас жедел ауруханаға жатқызуды және мүмкін хирургиялық араласуды қажет етеді. Оған бас миының компьютерлік томографиясы жүргізіледі, жұлын-ми сұйықтығы талдауға алынып, тиісті емдеу немесе қосымша тексерілу белгіленеді.

Бірнеше күн ішінде ол нейрореанимация бөлімінде, интенсивті неврология бөлімінде немесе күшті инсульттық бөлімде болады. Дәрігерлер пациенттің өмірі мен инсульттың зардаптарынан толықтай немесе ішінара алу үшін күресетін болады.

Науқастың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету маңызды. Жұтуы бұзылған кезде оны зонд арқылы тамақтандырады. Егер науқас жұта алса, бірінші күндері оған жеміс- жиек пен шырындар, тәтті шай береді. Екінші күннен бастап диетаны кеңейтеді, бірақ ол жеңіл игерілетін өнімдерден тұруы керек: йогурттан, сорпадан, жеміс және көкөніс пюресінен.

Инсультты кейінгі емдеу өзіне қантамыр терапия курсын өткізуді, ми алмасуын жақсартатын препараттарды қабылдауды, оттегітерапияны, емдеуді қалпына келтіруді немесе айықтыруды (емдеу дене тәрбиесі, физиоемдеу, сылау) қамтиды.

Источник: https://zhardem.kz/news/1604

Инсульт дегеніміз не?

Инсульт емдеу жолдары

Инсульт – ми қанайналымының бұзылуымен байланысты ауру, нәтижесінде мидың белгілі бір бөлігіндегі қанайналымы төмендейді немесе толығымен тоқтайды.

Бүгінгі күні инсульт халықтың өлім-жітім себептерінің арасында екінші орында тұр. Сондай-ақ, инсульт мүгедектікке әкеп соғатын аурулардың ішінде бірінші орынға ие.

Инсульт алған адамдардың 80% жуығы мүгедектікке ұшыраса, соның ішінде 25% жуығы қалған өмірінің барлығында тұрақты түрде күтімді қажет етеді.

Инсульт түрлері
Инсульттің негізгі үш түрі бар – ишемиялық инсульт және геморрагиялық инсульт (қан құйылу), оның екі типі бар – миішілік және субарахноидалды. Қан құйылу тамырлардың жарылуы салдарынан болады, негізінде жиі қан қысымының жоғарылауынан болады. Тамырдан шыққан қан қуыс тәрізді қан гематомасын немесе ісік жасап, бас миы тінінің қабырғасын жылжытады.

1. Ишемиялық инсульт. Инсульттің бұл түрі ми инфаркты деп те аталады. Бұл ауру көбіне 50-60 жастан жоғары адамдарда пайда болады. Ишемиялық инсульт инсульттің басқа түрлеріне қарағанда жиі кездеседі әрі оқиғалардың 80% болады.

Ишемиялық инсульттің себептері ми жасушаларына оттегін жеткізуге жауап беретін артериялар бойынша қан жүруінің бұзылуымен байланысты ми қабырғалары тарылады немесе бітеліп қалады.
2. Миішілік қан құйылу.

Инсульттің бұл түрі кейіндеу пайда болған, шамамен орташа жас мөлшері 45-55 жас және мидағы қан ағысы бұзылуының барлық түрлерінің 10% жуығын құрайды. Қан құйылудың пайда болуының негізгі себебі гипертониялық ауру болып табылады.

Осы патологияға әкеп соғатын басқа аурулар – атеросклероз, жүрек-қан тамыры жүйесіне әсер ететін қабыну процестері болып табылады.

3. Субарахноидалды қан құйылу. Ми қабығы тамырларының жарылуы нәтижесінде пайда болатын бас миы мен оның қабығы арасында пайда болған гематомалар. Бұл 30-60 жастағы адамдарда пайда болатын инсульттардың ішіндегі ең жасы боп саналады.

Ауру себептері негізінен зиянды әдеттер (темекі тарту, ішімдікті ұзақ пайдалану немесе ішімдікті үлкен мөлшерде бір-ақ рет қолдану). Инсультқа себепкер артық салмақ, артериялық гипертензия болуы мүмкін. Ол аяқ астынан немесе бас сүйек-ми жарақаты нәтижесінде пайда болады.

Инсульттің осы түрінің себепшісі шамадан тыс физикалық жүктеме болуы мүмкін, мысалы, ауыр затты көтеру, қан қысымының көтерілуімен байланысты жүйкеге күш түсу.

Субарахноидалды қан құйылудың аневризма және оның қасындағы құрылымдардың (көз қарашығының ұлғаюы – көзді қозғап тұратын нервті аневризманың басып тұруы) қысымымен шақырылатын симптомдары болады. Симптомдар инсультқа дейін 2-3 аптада білінеді. Геморрагиялық инсульт диагностикасы.

Егер қалыпсыз жағдайды дер кезінде байқасаңыз, дәрігерге қаралыңыз. Ол люмбальді функция немесе компьютерлік томография көмегімен Сізге диагноз қояды. Осы шара аневризманың орналасқан жерін уақытында анықтауға және оны жоюға мүмкіндік береді. Диагностика жасау үшін кейде магнитті-резонансты томографияға және компьютерлік томографияға жүгінеді, сол арқылы гематоманың орналасқан жерін анықтауға болады.

Инсульт симптомдарын екі категорияға бөлуге болады: жалпы ми және ошақты.
1. Жалпы ми симптомдары

  • жүрек айну немесе құсумен көрінетін қатты бас ауруы;
  • ұйқышылдық, кейбірулер үшін кері әсер тән – қатты қозу;
  • есін жоғалту және бұзылу;
  • бас айналу;
  • кеңістікте немесе уақытқа бағдарын жоғалту;
  • жүрек қағысы;
  • тершеңдік және ыстықты сезіну.

2. Ошақты симптомдар
Симптомдар мидағы қалыпты қанайналымының қай бөлікте бұзылғанына байланысты болады. Мидың әрбір бөлігі белгілі бір қызметке жауап береді, демек, мидың әртүрлі бөлігіндегі қанайналысының бұзылуы әртүрлі симптомдар – тепе-теңдік, көз көру, сөйлеу арқылы көрінеді.

Қозғалыстың үйлесімін жоғалту бастың айналуымен және құсумен көрінеді. Ең қауіптісі ишемиялық инсульт болып табылады, себебі оның бастапқы кезеңінде анық симптомдары байқалмайды. Ол тіпті байқалмауы да мүмкін, мысалы, бас ауруы, бас айналу, құсу түрінде бірде көрініп, бірде көрінбеуі мүмкін.

Геморрагиялық инсульттың айқын симптомдары бар және бастапқы кезеңінде-ақ қатты бас ауруы, есінен тану, құсу арқылы өзін білдіреді. Ми қанайналымының өткінші бұзылуы деп аталатын түрі де бар, оны микроинсульт деп те атайды.

Ол адам денсаулығының бірден өзгеруімен сипатталады – сөйлеуі, жүріп-тұруы бұзылып, жартылай немесе толық соқырлық байқалады. Микроинсульт адам денсаулығының уақытша бұзылуымен сипатталады, белгілі бір уақытта (бірнеше минут не сағат) оны қалпына келтіруге болады.

Алайда адамның өзін-өзі қалыпты сезінуі ұзаққа бармайды, сондықтан мұндай жағдайда ауруханаға жатып емделу міндетті, себебі осындай патологиялық жағдай нағыз инсульттің алғашқы хабаршысы болып табылады.

Патология себептері
Жоғарыда негізгі себептер аталды, алайда келесі қауіп-қатер факторларына ерекше тоқталғым келеді. Темекі шегу. Никотин салдарынан тамырлардың түйілуі пайда болады, оларда жүректің ишемиялық ауруының негізгі себепкері болып табылатын атеросклеротикалық түйіндер пайда болады.

Темекі шегуден бас тарту инсульттің пайда болуын екі есе төмендетуге мүмкіндік береді. Жүрек қағысының бұзылуы жүрек бөлімдерінде қанның тоқтап қалуы тамырлардың бітелуіне қатысатын қанның ұюына әкеледі. Артериаялық гипертензия тамырлардың жарылу мүмкіндігін арттырады.

Қант диабеті липидтік алмасудың бұзылуымен (холестерин түйіндерінің пайда болуы) және артериялық қысымның көтерілуімен көрінеді. Сонымен қатар қатер факторына артық салмақты, ішімдік ішуді, жүрек ауруы мен жас мөлшерін де жатқызуға болады.

Осы факторлардың болуы ми қанайналымы бұзылуының мүмкіндігін арттырады, сондықтан өз ағзаңыздың жағдайын бақылап отыру өте маңызды, ол өмірге қауіп төндіретін патолоиядан қашуға мүмкіндік береді.

Инсульт кезіндегі алғашқы көмек
Зардап шеккен адамды таза ауа кіретіндей бөлмедегі төсекке жатқызыңыз, дем алу үшін тынысын тарылтатын киімдерін шешіңіз. Егер науқас құсқан болса, аузындағы құсықты тазалаңыз.

Алғашқы көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды, себебі инсульттің жүруі мен салдары дәл соған байланысты болады. Науқасты тасымалдау тек жатқызған күйінде жасалады. Инсульттан кейінгі ауруды емдеу.

Инсультті емдеу инсульттің қайталанбауының алдын алуға, сонымен қатар ми қанайналымын қалпына келтіруге бағытталған және кешенді емдеуден тұрады: тамырлық терапия (бас миының зат алмасуын жақсартатын дәрілерді қабылдау, оттегі терапиясы және міндетті реабилитация (емдік дене шынықтыру, массаж және физиоем). Геморрагиялық бұзылу кезінде мишық немесе мидың жоғары жартышарындағы қан құйылу оқиғасы хирургиялық емге жатады.

Инсульт профилактикасы
Инсульттің алғашқы және екінші реттік профилактикасы бар. Алғашқы профилактика мидағы қанайналымына жауап беретін тамырлар патологиясын, гипертония ауруын, артық дене салмағын жоюға бағытталған.

Екінші реттік профилактика инсульттің қайталануына жол бермеуге бағытталған, оған түйіндерді жоюға және алдын алуға бағытталған дәрі-дәрмектің немесе хирургиялық араласудың көмегімен қол жеткізуге болады. Инсультті емдегенге қарағанда оның алдын алған тиімді болатынын есте сақтаңыз.

Жүрек-қан тамыры жүйесінің жұмысына тұрақты түрде диагностика жасатып тұрыңыз, сонда осы бір қауіпті ауру Сізге ешқашан жоламайды.

Источник: http://gp21.kz/kz/tyrgyndarga/nazarlaryn/590-insult-degenimiz-ne

Больница103.Ру
Добавить комментарий